Kazakh Tourism шетелдік туристерге қандай бағыттарды ұсынады?

Қазақстан жаңалықтары
04.11.2025
18:47
Kazakh Tourism шетелдік туристерге қандай бағыттарды ұсынады?

Kazakh Tourism компаниясы елді халықаралық нарықтарда жүйелі түрде ілгерілетіп, шетелдік туристерді қабылдауға дайын өңірлерге басымдық береді, деп хабарлайды Travelpress.kz.


Бұл туралы компания басшысы Даниел Сержанұлы «Уәде» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.


 

«Біз шетелде еліміздегі барлық бағыттарды бірдей деңгейде дәріптемейміз. Мұны түсіну маңызды. Қазіргі таңда туристерді жаппай қабылдауға дайын 5–6 негізгі өңір бар. Өзге облыстарға шетелдік туристерді кең ауқымда шақыруға әзірге мүмкіндік жоқ. Оған қажетті инфрақұрылымның тапшылығы әсер етеді », – деп атап өтті «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Даниел Сержанұлы.

 


Алматы қаласы мен Алматы облысы – негізгі және туристерді ең көп тартатын бағыт.


 

Астана мен Бурабай заманауи сәулет пен табиғи сұлулықты үйлестіретін бірыңғай маршрут ретінде таныстырылады.


 

Сонымен бірге шетелдік туристік нарықтарда Түркістан, Маңғыстау облыстары мен ішінара Шығыс Қазақстандағы Катонқарағай дәріптеледі.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.