Инфляция: Теміржол қатынасы 26,5, ал такси қызметі 10 пайызға өсті

Қазақстан жаңалықтары
03.07.2025
21:03
Инфляция: Теміржол қатынасы 26,5,  ал такси қызметі 10 пайызға өсті

Қазақстанда инфляция қарқын алып келеді. Мәселен, 2025 жылғы мамырда жылдық баға өсімі 11,3% -ға (сәуірде-10,7%) жетті, деп хабарлайды ranking.kz.

Ақылы қызметтердің бағасы бір жылда 16% -ға (сәуірде -15,7% -ға), азық - түлік - 9,6%-ға (сәуірде-8,5%), азық-түлікке жапайтын тауарлар -9%-ға (сәуірде-8,9%) өсті.

Тұтынушылар шығындарының құрылымын ескергенде, инфляцияның жылдық деңгейіне ең көп үлес қосқан санаттар  ол - азық-түлік пен алкогольсіз сусындар (3,8 п. т.), тұрғын үй қызметтері (1,8 п. т.) және денсаулық сақтау (1,4 п. т.).

Инфляцияның негізгі қозғаушы күші — ең жоғары баға өсімі тіркелген қызмет көрсету секторы. Енді бұл саланы толығырақ талдап, қай қызмет түрлері бағаның шарықтауына және қазақстандықтардың қалтасына салмақ түсуіне көбірек әсер еткенін, ал қайсысы керісінше, аса қымбаттамағанын сараптаймыз. 

Биыл мамыр айында қызмет көрсету саласында ең жылдам қымбаттаған сегменттер — байланыс (жылдық өсім 17,6%), мәдениет және демалыс (жылдық өсім 17,1%), тұрғын үй-коммуналдық қызметтер (жылдық өсім 15,7%) және денсаулық сақтау саласы (жылдық өсім 15,5%). Ал баға өсімі ең баяу тіркелген сала ол көлік саласы: жылдық қымбаттау деңгейі небәрі 7,3%-ды құрады. 

Аталған салаларды толығырақ қарастырайық. Байланыс секторында бағаның ең жоғары өсімі ұялы байланыс қызметтерінде байқалды (жылдық өсім 19,5%) және сәлемдеме жолдау құны да (жылдық өсім 17,7%) қымбаттады. Демалыс саласында кешенді демалыс ұйымдастыру қызметтері 62,3%-ға қымбаттаса, ал балалар ойнайтын аттракциондар 18,2%-ға өсті. 

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер өткен жылдың мамыр айымен салыстырғанда суық суға тарифтер 97,6%-ға, кәрізге -25,1%-ға, орталық жылытуға-19,2% -ға, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға -15%-ға өсті. Бұл ретте ыстық судың бағасы 14,5% -ға, электр энергиясы -11,2%-ға, тұрғын үйді күтіп ұстау-10,7%-ға өсті. 

Денсаулық сақтау саласында медициналық зертханалар қызметтері (бір жылда 29,2% -ға) және дәрігердің алғашқы қабылдауы (16,3% - ға) қымбаттады.

Кейбір сегменттерде бағаның жоғарылауы байқалды. Мәселен, жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау ақысы бірден 26,5%-ға өсті, қалалық автобуспен жүру ақысы 11,1%-ға, әуе көлігі 10,5%-ға қымбаттады. Баға өсімі бойынша ең тұрақты сегмент — такси қызметі: баға бар болғаны 10%-ға ғана өсті. 

Қызмет көрсету саласындағы тағы бір атап айтатын сегменттің бірі ол - сақтандыру. Бұл бағытта бағалар бір жылда небәрі 3,5%-ға өсті. Сондай-ақ жерлеу рәсімдері мен нотариалдық қызметтер құны бар болғаны 6–7%-ға қымбаттады. 

Осылайша, қазақстандық отбасылардың бюджетіне ең аз салмақ түсіретін салалар — көлік (такси, автобустар және ұшақты қоса алғанда), сақтандыру, жерлеу рәсімдері мен нотариат. 

 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.