Халықаралық туризм және меймандостық университетіне Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы консулы Хью Холлман және әлемдегі жетекші оқу орындарының бірі – Аризона университетінің делегациясы келді, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Кездесу барысында тараптар «Туризм» бағыты бойынша қос дипломды бағдарлама аясындағы негізгі мүмкіндіктерді талқылады.
The University of Arizona халықаралық аренада жетекші орынға ие. Әлемдік университеттер рейтингілерін бағалау орталығының мәліметтері бойынша, дүниежүзіндегі ең үздік университеттердің қатарына кіреді. Сондай-ақ университет АҚШ-тың беделді университеттер қауымдастығының 62 мүшесінің бірі саналады. Бұл университеттің академиялық деңгейі мен білім беру бағдарламаларының сапасы жоғары екенін көрсетеді.
Кездесу барысында тараптар екіжақты келісім аясында ынтымақтастықты одан әрі дамытуды талқылады. Бұл серіктестік Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттері мен оқытушыларына әлемдік стандарттарға сай білім алуға және туризм саласындағы халықаралық байланыстарды нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.