Елімізде туризмді дамыту жылдан жылға артып келеді

Қазақстан жаңалықтары
08.01.2024
22:54
Елімізде туризмді дамыту жылдан жылға артып келеді
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаевтың, Туризм индустриясы комитеті, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ, «Атамекен» ҚР ҰКП басшылығының қатысуымен туризм комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Бұл туралы «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі Instargam желісіндегі парақшасында жазды.
 
Жиында мемлекеттік қолдау шаралары талқыланып, ағымдағы жылға арналған бірлескен жоспарлар талқыланды. Соңғы бір жылда көлемі 8 есеге өскен мемлекеттік қолдау шараларын одан әрі күшейтуге ерекше назар аударылды.

Іс-шараның екінші бөлімінде «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Садуақасов халықаралық туристік нарықта ілгерілету, MICE шараларын елге тарту, туристік саланы цифрландыру және туристік өнімдерді дамыту сұрақтарын қамтитын ұлттық компанияның 2024 жылға арналған жоспарларымен таныстырды.

Кездесуде туристік нарық пен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының және туризм индустриясындағы өзекті мәселелерді шешудегі ұжымдық көзқарастың маңыздылығы атап өтілді.
Таулар
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.