Еліміз Халықаралық азаматтық авиация ұйымының басқару органдарын кеңейтуді қолдады

Қазақстан жаңалықтары
21.01.2026
16:22
Еліміз Халықаралық азаматтық авиация ұйымының басқару органдарын кеңейтуді қолдады

Мәжіліс 2016 жылғы 6 қазанда Монреалда қол қойылған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 50 а) және 56-баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаларды ратификациялады, деп хабарлайды Travelpress.kz.


 

Өзгерістер Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ХААҰ) кеңесінің құрамын және Аэронавигация комиссиясы мүшелерінің санын ұлғайтуға қатысты.


 

Конвенцияның 50 а) бабына енгізілген түзетуде ХААҰ кеңесінің санын 36-дан 40-қа дейін арттыру қарастырылған. Кеңес Ассамблеяға есеп беретін ХААҰ -ның тұрақты органы. 


 


Конвенцияның 56-бабына енгізілген түзету арқылы Аэронавигациялық комиссия құрамын 19 адамнан 21 адамға дейін арттыру көзделіп отыр. Аэронавигациялық комиссия стандарттар мен ұсынылатын тәжірибелерді (SARPS), Аэронавигациялық қызмет көрсету ережелерін  (PANS) қарастырады және ұсынады. Бұл шаралар ХААҰ кеңесінде қабылдау және бекіту үшін қажет.  


 

Осы түзетулерді ратификациялау Қазақстанның өзінің халықаралық авиациялық міндеттемелерге адалдығын растауға, ХААҰ-ны басқаруға тең дәрежеде қатысуға, Орталық Азияның мүдделерін ескеретін бастамаларды алға жылжытуға және ИКАО-ның жауапты және белсенді қатысушысы ретіндегі беделін нығайтуға жол ашады. Бұған дейін түзетулерді 114 мемлекет ратификациялаған.


 

 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.