Димаш Құдайберген су тасқынынан құтқарған құтқарушыларға алғыс білдірді

Қазақстан жаңалықтары
10.04.2024
17:44
Димаш Құдайберген су тасқынынан құтқарған құтқарушыларға алғыс білдірді
Белгілі әнші әрі музыкант Димаш Құдайберген Ақтөбе облысы ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен кездесті, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Құтқарушылар қазіргі уақытта Құлсары қаласындағы су тасқыны салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізуде.
 
Димаш Құдайбергенов өзінің сапары барысында әскери қызметкерлерге еңбектері үшін алғысын білдірді.
 
Айта кетейік, аумақтағы авариялық-құтқару жұмыстарына Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының және Алматы қаласының құтқарушылары, сондай-ақ ТЖМ, ҚМ және ҰҰ әскери қызметшілері мен ЖАО қызметкерлері жұмылдырылған.
 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.