Бес шетелдік азамат Neo Nomad визасын алды

Қазақстан жаңалықтары
11.03.2025
12:00
Бес шетелдік азамат Neo Nomad визасын алды
Тағы бес шетелдік азамат Neo Nomad визасын алды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Былтыр қараша айынан бастап іске қосылған Neo Nomad визасын тағы бес шетелдік азамат алды. Оның үшеуі - АҚШ, біреуі Ұлыбритания және тағы біреуі Латвия азаматы.

Neo Nomad визасы шетелдік азаматтарға Қазақстанда бір жылға дейін тұруға мүмкіндік береді. Бұл ретте олар шетелдегі компанияларда қашықтан жұмыс істей алады. Виза IT, маркетинг, қаржы, дизайн және консалтинг салаларындағы жұмысын саяхатпен ұштастыратын заманауи көшпенділерге арналған. Ол үшін шетелдік азаматтар Қазақстан Республикасының шетелдегі елшіліктеріне бірнеше құжат тапсыру қажет:

Кейінгі 6 айдағы банк шотынан үзінді көшірме, ай сайынғы табысы 3 000 АҚШ долларынан жоғары екенін растайтын құжат

Азаматтығы бар елдің уәкілетті органы берген салық декларациясы

Азаматтығы немесе тұрақты мекенжайы бар елдің органы берген сотталмағаны туралы анықтама

Визаның қолданылу мерзіміне дейін жарамды медициналық сақтандыру

Қазақстандағы туристік компаниялардан шақыру (48 елдің азаматы үшін талап етілмейді)

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Neo Nomad визасын үш шетелдік турист алған еді. Визаны бірінші болып энергетика саласында жұмыс істейтін Ұлыбритания азаматы иеленді. Сондай-ақ визалар Оңтүстік Корея және Сингапур азаматтарына берілді.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.