Астана әуежайы өрттен кейін қайта жұмысын бастады

Қазақстан жаңалықтары
27.02.2024
11:50
Астана әуежайы өрттен кейін қайта жұмысын бастады
Астана халықаралық әуежайындағы жұмыс басталды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі мәлім етті.
 

«Астана уақытымен 10:48-де Астана халықаралық әуежайының Т2 Ішкі ұшулар терминалы қолданысқа берілді. Ішкі ұшулар терминалында жолаушыларды рейске тіркеу ашылды. Сондай-ақ халықаралық рейстер терминалын іске қосу жұмыстары жүріп жатыр. Әуежайдағы жұмысты жалғастыру төтенше жағдайлар министрлігінің мамандарының рұқсатымен мүмкін болды», - делінген хабарламада.  

Айта кетейік, бүгін таңғы 07:50-де Астана халықаралық әуежайының коммутациялық жүйесінен өрт шыққан болатын. Ал 08:24-те өрт толықтай ауыздықталды. 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.