2025 жылы қаңтар-шілде айларында Алматыдағы туристік инфрақұрылымға салынған инвестиция өткен жылмен салыстырғанда 62% өсті, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Қаражат жаңа нысандар салуға, қолданыстағыларды жаңғыртуға және сервисті жақсартуға бағытталды. Бұл қадам қаланың халықаралық деңгейдегі беделін күшейтеді.
Салық қоғамдық тамақтану, спорт пен демалыс, уақытша орналастыру салаларынан түсті.
«Инвестиция көлемінің және салық түсімінің өсуі Алматыдағы туризм саласының қаланың экономикалық дамуына серпін беріп отырғанын көрсетеді. Бұл қаражат инфрақұрылымды дамытуға, сервисті жақсартуға және заманауи сапа стандарттарын енгізуге мүмкіндік береді», – деп хабарлады Туризм басқармасы.
Қалада жүргізіліп отырған жүйелі жұмыс туристердің қызығушылығының артуынан көрінеді: қызмет түрлері кеңейіп, бизнеске жаңа мүмкіндіктер ашылып келеді. Бұл Алматының аймақтағы ірі орталық ретіндегі мәртебесін нығайтады.