24-26 сәуір аралығында "Туризм және саяхат" атты халықаралық көрме өтеді. Бұл туралы kitf.kz сайты жазды.
22-ші Қазақстандық халықаралық көрмесі 2001 жылдан бері өткізіліп келеді. Экспозиция туризм бойынша Орта Азиядағы ең ірі кәсіби алаң және елдегі туризм саласының басты оқиғасы болып табылады. Көрме индустриясының сарапшылар тарапынан KITF көрмесіне, B2B алаңының халықаралық стандарттарына сәйкестігі үшін UFI (Дүниежүзілік көрме индустриясының қауымдастығы) сапа таңбасы берілген.
Көрме аясында халықаралық ауқымдағы оқиғалар өткізіледі, атап айтқанда: меморандумдарға, келісімдерге, мемлекеттер арасындағы аймақаралық және шекара бойындағы ынтымақтастық бағдарламаларына қол қойылу, сонымен қатар Қазақстан және Орта Азияның туристік индустрия нарығына арналған көрменің тиімділігін көрсететін республикалық жиналыстар, пленарлық отырыстар, роуд-шоу, семинарлар, презентациялар және басқа да салалық шаралар.
Ауқымды шараға19 жылдың ішінде әлемнің 63 елінен түрлі компаниялар және ұйымдар қатысты.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.