Алматы тауларында жаңа кемпинг-аймағы орнатылды

Қазақстан жаңалықтары
10.09.2024
10:13
Алматы тауларында жаңа кемпинг-аймағы орнатылды
Теңіз деңгейінен 3450 метр биіктікте орналасқан Альпинград алаңда кезекті кемпинг-аймағы ашылды, деп хабарлайды Trevelpress.kz.

Альпинград белсенді демалысқы құмар әуесқойлар арасында танымал Амангелді, Мәншүк Мәметова, Пионер, 28 панфиловшылар шыңдарымен қоршалған. Осы себептен де Альпинград алаңы демалысқа қолайлы орындардың бірі болып саналады. 

Кемпинг-аймақ жайлы демалыс үшін барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген – мұнда кең шатыр алаңдар, жабық үстелдер мен орындықтар, жайлы күрке бар. Тіпті сағаттап тауда уақыт өткізген туристерге гаджеттерін зарядтау үшін таптырмас құрылғы күн панельдерімен де жабдықталған. Сонымен қатар, күркеде келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сигналды маяк орнатылған.

Қалалық туризм басқармасының мәліметінше, жыл соңына дейін Алматыда «Терра» алаңында және Титова көлі маңында тағы екі кемпинг-аймақтың ашылуы жоспарлануда.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.