Алматы әуежайының жаңа терминалы 87 пайызға дайын

Қазақстан жаңалықтары
20.02.2024
14:30
Алматы әуежайының жаңа терминалы 87 пайызға дайын
Халықаралық Алматы әуежайының президенті Альп Эр Тунга Эрсой әуежай қызметі жөнінде таныстырылым өткізіп, барлық өзекті мәселелерді жария етті, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы Халықаралық Алматы әуежайының баспасөз қызметі мәлім етті.

Алматы әуежайының президенті TAV Airports Holding компаниясының әлемдегі және Алматыдағы қызметі туралы, атап айтқанда, жыл қорытындысын шығарып, алдағы жоспарлар туралы айтып берді.

Алматы әуежайының жаңа Халықаралық жолаушылар терминал

Алматы әуежайының жаңа Халықаралық жолаушылар терминалының құрылысы барысына ерекше назар аударылды. Халықаралық Алматы әуежайында 2022 жылы басталған құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.

Бүгінгі таңда жаңа халықаралық терминал ғимаратының дайындық деңгейі 87%, орталық инженерлік қондырғы - 99%, әуеайлақ - 93%, вокзал маңы аумағы - 78%, эстакада - 80% құрайды.

Альп Эр Тунга Эрсой терминал үшін барлық қажетті техника мен әуежай жабдықтары сатып алынғанын, олардың бір бөлігі багажды өңдеу жүйесі, жолаушы сатылары, лифттер, эскалаторлар, жолаушылар конвейерлері, рэк шкафтары, багажды сақтау және тасымалдау жүйелері және т.б құрастырылып жатқанын атап өтті.

Жаңа терминалда жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін әр қабатта ана мен бала бөлмелері, мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті жағдайлар, балаларға арналған ойын алаңы, сондай-ақ демалыс бөлмелері, со-working аймағы, VR бөлме, үй жануарларына арналған дәретхана сияқты қосымша жағдайлар қарастырылған. Бұдан басқа, жаңа терминалда Қазақстан авиациясының мұражайы болады.

Тұжырымдамаға сәйкес, ескі терминал қайта жөндеуден кейін ішкі рейстер үшін пайдаланылатын болады. Ал жаңа терминал ескі терминалмен жер үсті өткелі арқылы қосылады. Жаңа үй-жай жолаушыларға ішкі және халықаралық рейстерге ғимараттан шықпастан ауысып отыру үшін жеңіл қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Алматы әуежайының жаңа Халықаралық жолаушылар терминал

Жолаушыларды қазіргі заманғы және қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету үшін шекаралық қызмет желісі бойынша төлқұжаттық бақылаудан өту кезінде жаңа терминалда ұшып шығу аймағында 20 кабина  (8 бірлікке ұлғайту), ұшып келу аймағындағы 32 кабина (13 бірлікке ұлғайту) Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ұшып кету-ұшып келу аймағында автоматтандырылған өткізу жүйесі бойынша 4 бірлік жабдық,  4 багаж таспасы, жолаушылардың ыңғайлы навигациясы үшін инфокиоскілер орнатылатын болады.

Сондай-ақ, кедендік пункттерді - ұшып келу аймағындағы 5-тен 11 үй-жайға дейін және ұшып кету аймағындағы 4-тен 7 үй-жайға дейін ұлғайту күтілуде.

Қолданыстағы терминалды жөндеуді ескере отырып, Халықаралық Алматы әуежайының жалпы өткізу қабілеті жылына 14 млн жолаушыға дейін артады (2023 жылдың қорытындысы бойынша әуежай өткізу қабілеті 2,7 млн адам болған кезде 9,5 млн адамға қызмет көрсетті). Жаңа терминалдың телескопиялық траптары борт көлеміне байланысты бір мезгілде жеті ұшаққа дейін қабылдай алады.

Нысанда құрылыс материалдарының сапасын бақылау TAV Airports Holding компаниясы Анталия, Тунис, Анкара, Скопье, Загреб және т.б. әуежайларда іске асырған жобалардың стандарттары негізінде жүргізілуде.

Жаңа терминал бойынша жобаға TAV Airports Holding компаниясы  200 млн. доллардан астам инвестиция салады. Халықаралық Алматы әуежайының жаңа халықаралық жолаушылар терминалын пайдалануға беру 2024 жылдың жазында аяқталады деп жоспарлануда.

Халықаралық Алматы  әуежайының президенті Альп Эр Тунга Эрсой компанияның алдағы 50 жылға арналған Мастер-жоспар аясындағы жоспарлары мен жаңа халықаралық жолаушылар терминалы пайдалануға берілгеннен кейінгі әуежайдың қолданыстағы ғимаратын жөндеу жұмыстары туралы айтып берді.

ORAT (Operational Readiness and Airport Transfer) бөлімшесінің жұмысы атап өтілді. Операциялық дайындық және әуежайды тапсыру (ORAT) - мақсаты құрылыстан толыққанды пайдалануға көшу болып табылатын әуежай объектілерін жандандырудың егжей-тегжейлі және жүйелі бағдарламасы, сондай-ақ әуежай операцияларын тапсыру - бизнес-процестерде және клиенттерге қызмет көрсетуде іркілістерді болдырмауға мүмкіндік береді.
ORAT әуежайдың барлық пайдаланушыларына ашылу күнінен бастап және одан әрі олардың операциялық дайындығын қамтамасыз етуге арналған. Сондықтан ORAT барлық әуежай пайдаланушылары мен мүдделi тараптардың, әсiресе әуежай операторы қызметкерлерiнiң,
авиатасымалдаушылардың, әуежай қызметтерiн көрсетушiлердiң, аэронавигацияның және мемлекеттiк органдардың iс-қимылын келiсудi және үйлестiрудi талап етедi.

Ол сондай-ақ әуежай жүйелерін, жабдықтары мен процессорларын, сондай-ақ жолаушылармен және багажбен жасалатын операцияларды толық тексеруді қамтиды.

Брифингте сондай-ақ әуежаймен жұмыс істейтін жолаушылар тасымалдау саласындағы авиакомпаниялармен қатар жүк тасымалы саласындағы авиакомпаниялар санының өсу үрдісі атап өтілді.

2023 жыл TAV Airports Holding компаниясы басқаратын және қызмет көрсететін халықаралық Алматы  әуежайы үшін рекордтық жыл болды. 2023 жылғы 15 желтоқсанда Алматы халықаралық әуежайы өзінің 9 миллионыншы жолаушысын қарсы алды.

Бұл оқиға әуежай үшін де, Алматы қаласы үшін де тарихи оқиға болып табылады. Халықаралық Алматы әуежайының тарихында алғаш рет жолаушылар ағыны 9500000 адамға жетті.

Президент 2024 жылы жолаушылар ағыны 10,5 миллион адамға дейін артуы күтілетінін атап өтті.

Барлық өзекті мәселелер, соның ішінде халықаралық Алматы әуежайының қазіргі терминалын жетілдіру, жүргізушілер мен олардың жолаушыларына барынша ыңғайлы және жайлы болуы үшін Терминалдың паркингтік аймағын реконструкциялау жұмыстары жүргізілетінін айтты.
Терминалдың қолданыстағы ғимаратына және әуежайдың инфрақұрылымын дамытуға 6 млн. доллар инвестицияланды.
 
 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.