Әйелдер вагонын 70 мың жолаушы пайдаланды

Қазақстан жаңалықтары
10.05.2024
09:59
Әйелдер вагонын 70 мың жолаушы пайдаланды
Жыл басынан бері 70 мыңға жуық жолаушы «әйелдер вагондарында» жол жүру қызметін пайдаланды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе өскен (2023 жылы - 34 мыңнан астам әйел).


Қызмет енгізілген сәттен бастап (2021 жылдың басынан бастап) 359 мыңнан астам әйел сапарын неғұрлым ыңғайлы әрі қауіпсіз ету үшін «әйелдер вагондарында» жол жүруді таңдаған.

Бүгінгі таңда «әйелдер вагоны» 8 жолаушылар пойызы құрамында бар:

-№77/78 «Алматы-Маңғыстау» №07 купе вагоны;
-№351/352 «Алматы-Өскемен» №10 купе вагоны.
-№45/46 «Павлодар-Түркістан» №09 купе вагоны;
-№37/38 «Маңғыстау-Семей» №06 купе вагоны;
-№47/48 «Атырау-Астана» №06 купе вагоны;
-№33/34 «Ақтөбе-Алматы-1» №06 купе вагоны;
-№4/3 «Астана-Алматы-2» №17 купе вагоны;
-№71/72 «Астана-Шымкент» №10 купе вагоны.

Айта кетейік, бұл вагондарға билеттер тек әйелдерге сатылады және әйел жолсеріктер жұмыс істейді. Сонымен қатар, «әйелдерге арналған вагонында» жеті жасқа дейінгі ер жолаушылардың жүруіне рұқсат етілген.

Қазіргі уақытта «әйелдерге арналған вагоны» жобасын одан әрі дамыту бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізілуде.

Сауалнама нәтижелері жолаушылардың қажеттіліктері мен қалауларын байқауға, сондай-ақ, жұртшылықтың өзекті сұраныстары мен талаптарын ескере отырып, «әйелдер вагоны» жобасының даму стратегиясын анықтауға көмектеседі. Сауалнамаға қатысу үшін төмендегі сілтемеге өтіңіз: https://forms.gle/RZCBKcho42v1EdZc7.
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.