44 жоба - Түркістанның туризм саласын дамыту мақсатында іске асырылмақ

Қазақстан жаңалықтары
20.05.2024
15:00
44 жоба - Түркістанның туризм саласын дамыту мақсатында іске асырылмақ
Түркістан облысында өңірдің туристерге қолжетімділігін және жайлылығын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Былтыр туристік жолдарды жақсарту үшін 10,6 млрд теңгеге 7 жоба жүзеге асырылды. Ал биыл туристік жолдар бойынша 17,6 млрд теңгеге 19 жобаның іске қосылуы күтілуде.

Өткен жылы облыстың туризм саласына 53,5 млрд теңге инвестиция тартылды. Нәтижесінде 25 нысан қолданысқа беріліп, 366 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде тұрақты – 167, уақытша – 199. Биыл 20 млрд теңгеден асатын 25 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда. Осы арқылы 473 жаңа жұмыс орны ашылады.

Туристерге қосымша өнімдерді ұсыну мақсатында ірі жобалар қолға алынған. Соның бірі Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында жеке инвестиция есебінен «Қолөнер орталығы» жобасы іске асырылуда. Жоба құны 5,5 млрд теңге. Ал аумағы 2,5 гектар. 25 архитектуралық нысаннан тұратын кешенде қонақүйлер, сауда нүктелері, қолөнер шеберханалары мен дүкендері қамтылған.

Ірі жобалар қатарында Қ.А.Ясауи кесенесі маңындағы «Күлтөбе» ескі қалашығын бюджет есебінен абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Түркістан қаласында аумағы 11,8 гектар жерге аквапарк, вилла аймақтары қамтылған бес жұлдызды қонақүй салу жоспарлануда. Жоба құны – 190 млн АҚШ доллары. Бұл бағытта инвесторлармен келіссөздер жалғасады.

Ұлттық спорт түрлеріне шетелдік туристердің қызығушылығы артып келеді. Сондықтан Түркістанда ұлттық ойындарды және туризмді дамыту мақсатында 99,3 гектар аумаққа «Ипподром» нысаны салынады деп жоспарлануда.

 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.