“300-ге жуық жаңа жоба іске асырылады” - Ержан Еркінбаев

Қазақстан жаңалықтары
01.11.2024
14:16
“300-ге жуық жаңа жоба іске асырылады” - Ержан Еркінбаев
Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Іс-шараның мақсаты – халықаралық ынтымақтастықты нығайту әрі елдің туристік саласын дамыту.

Жиынға Швейцария, Нидерланд, Италия, Түркия, Қытай, Қырғызстан және басқа да елдердің жетекші БАҚ өкілдері қатысты. Ержан Еркінбаев іс-шараға қатысушыларға Қазақстанның туристік саладағы жетістіктері мен даму әлеуеті жөнінде айтып берді.

Сондай-ақ вице-министр халықаралық ынтымақтастықтың туризмді тұрақты дамыту және инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасаудағы маңызын атап өтті.

«Біз инвестиция көлеміне қарамастан әрбір инвесторға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Қазақстан туристік инфрақұрылымды дамытуды жалғастырып келеді: қазірдің өзінде 449-ға жуық жоба іске асырылды, алдағы уақытта 300-ге жуық жаңа жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл қадамдар Орталық Азияда тікелей шетелдік инвестицияларды тартудағы еліміздің жетекші ұстанымдарын сақтауға және халықаралық аренада ықпалды күшейтуге бағытталған», – деді Ержан Еркінбаев.

Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.