Бұл туралы FlyArystan әуекомпаниясының баспасөз қызметі мәлім етті.
«Таңғажайып шығыстың тынысын сезінетін Нүкіске билеттердің сатылымы ашылғанын хабарлаймыз. Алматы - Нүкіс – Алматы 2024 жылдың 3 маусымнан бастап, әр дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері әуе рейстері ашылды», - делінген хабарламада.
29 000 теңгеден басталатын билеттер FlyArystan App және flyarystan.com қолжетімді.
Нүкіс қаласы – Қарақалпақстан республикасының астанасы. 1932 жылы қала мәртебесі берілген. Қала Әмудария өзенінің бойында орналасқан.