283 жоба: Биыл туристік нысандар саны артады

Қазақстан жаңалықтары
08.07.2024
17:43
283 жоба: Биыл туристік нысандар саны артады
Туристік нысандар санын арттыру үшін инвесторлар тарту жұмысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Өткен жылы 117 жаңа нысан салынып, 57 млрд теңге жеке инвестиция құйылды. Биылдан бастап 430 млрд теңгеге 283 жоба жоспарланған.

Сонымен қатар, инвестициялық жағдайды жақсарту үшін инфрақұрылымдық жобаларды және инвесторларға жеңілдетілген қаржыландыру көздерін ұлғайту қарастырылған.

Бұл ретте, 2024 жылғы 13 маусымда Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен кеңесте туристік инфрақұрылымды дамыту үшін арнайы бюджеттік бағдарлама ашу және 3, 4, 5 жұлдызды қонақ үйлерді салу үшін мемлекеттік қолдау тетіктерін қарастыру тапсырылды.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.