2025 жыл: Global Logistics Alliance саммиті елімізде өтеді

Қазақстан жаңалықтары
01.07.2024
23:00
2025 жыл: Global Logistics Alliance саммиті елімізде өтеді
«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Садуақасов пен «Global Logistic Alliance» президенті Грейс Сан арнаулы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті. 

Сондай-ақ, бұл ірі MICE іс-шарасын өткізуге China-Eurasian Business Council ықпал ететін болады.

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Садуақасов

Қол қойылған меморандумдар аясында тараптар туристік өнімдерді кросс-маркетинг және туризм индустриясын, инфрақұрылымын және логистикасын дамыту бойынша байланыстарды нығайтуға, өзара ақпарат алмасуға бағытталған бірлескен іс-шараларды өткізу туралы келісті.

2025 жылы Қазақстанда өтетін Global Logistics Alliance саммитінде әлемдік логистика қоғамдастығының кемінде 500 делегатының қатысуы күтілуде. Бұл осы саладағы инновациялардың дамуына ықпал етеді. Global Logistics Alliance (GLA) – бұл 170 елден 7000-нан астам логистикалық компанияны біріктіретін әлемдік желі. GLA жыл сайын өз мүшелері арасында байланыстар орнату және пікір алмасу мақсатында жаһандық логистикалық конференция өткізеді.

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Садуақасов

Өз кезегінде, China-Eurasian Business Council (CEBC) – бұл Еуразия аймағындағы кәсіпорындарды, мемлекеттік мекемелерді және басқа да мүдделі тараптарды біріктіретін, аймақтағы экономикалық өсуге және ынтымақтастыққа ықпал ететін ұйым.

Соңғы жылдары MICE туризмі Қазақстанда басым бағыттағы туризм түрлеріне кіріп отыр. Халықаралық конгресс және конференциялар қауымдастығының (ICCA) рейтингі бойынша, Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда өз көрсеткішін жақсартып, әлемдік рейтингте 80-ші орынға ие болды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша, еліміз 13 халықаралық қауымдастық іс-шараларын өткізді. Бұл іс-шараларға шамамен 4196 делегат қатысты, олардың әрқайсысының орташа чегі 1438 АҚШ долларын құрады.

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Садуақасов
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.