2023 жылы 13,5 млн. астам жолаушы пойызбен қатынады

Қазақстан жаңалықтары
04.01.2024
14:56
2023 жылы 13,5 млн. астам жолаушы пойызбен қатынады
2023 жылы 13,5 млн. астам жолаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарымен тасымалданды. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстандықтар үшін ең сұранысқа ие бағыттар: Астана-Алматы, Астана-Шымкент, Алматы-Шымкент, Астана-Семей, Алматы-Семей бағыттары болды, олардағы билеттерге деген сұраныс жоғары.

ТЖ билеттеріне жоғары сұраныс жазғы және қысқы кезеңдерде (демалыс маусымы, демалыс) және мереке күндері орын алады. Мәселен, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның 2023 жылдың жазғы кезеңінде 4 млн астам жолаушыны тасымалдады.

«Жаңа жылдық мерекелерде жолаушылар тасымалы мен қала маңы пойыздармен 9 мыңнан астам жолаушы жеткізілді. Жолаушылардың жайлылығы мен мерекелік демалыс күндері сапарлаушылардың тасымалдауға деген сұранысын қанағаттандыру үшін ҚТЖ қосымша пойыздар мен тіркеме вагондар есебінен ресурстарды жұмылдырып, 30 мың орын дайындады» - деп хабарлады Қазақстан темір жолы" баспасөз қызметі.

Олар негізінен ауа-райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысы тоқтатылған елді мекендерден жолаушыларды шығару үшін тағайындалды. Қар басқан аудандардан 9 мыңнан астам жолаушы эвакуацияланды.

Ағымдағы жылдың 2 қаңтарына Көкшетау, Бурабай курорты, Атбасар, Павлодар бағытында 4 қосымша қала маңы пойызы іске  қосылды. Жолаушыларға қосымша 1300 орындық ұсынылды.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.