Түнде ТЖМ құтқарушылары қар құрсауында қалған адамды эвакуациялады

Оқиғалар
31.12.2025
15:51
Түнде ТЖМ құтқарушылары қар құрсауында қалған адамды эвакуациялады

Түнде ТЖМ құтқарушылары қар құрсауында қалған адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Travelpress.kz.


 

Жетісу облысының Алакөл ауданында «Үшарал – Достық» автожолының Жалаңашкөл маңында түнгі уақытта жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған.


 

Оқиға орнына жедел түрде ТЖД құтқарушылары шықты. Қар құрсауынан бір адам эвакуацияланып, Көктұма ауылына жеткізілді. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.


 

ТЖМ ауа  - райының қолайсыздығы кезінде дауылды ескертулерді ескеріп, елді мекендерден тыс жерлерге жолға шықпауды ұсынады.


 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.