Тауда адасып қалған екі адам құтқарылды

Оқиғалар
15.07.2024
07:40
Тауда адасып қалған екі адам құтқарылды
Баянаул құтқарушылары жастарға таудан түсуге көмектесті,деп хабарлайды Travelpress.kz.

Павлодар облысында 1997 жылы туылған жігіт пен 2000 жылы туылған қыз бала тауға көтерілді, күн батқаннан кейін олар өздігінен түсе алмады. Оқиға орнына дереу 5 құтқарушы жіберілді. 700 метр биіктіктен альпинистік жабдықтың көмегімен демалушылар төменге түсірілді. Оларға медициналық көмек қажет болмады.

Бір жарым сағат бұрын, құтқарушылар "Ақбет" тауына көтеріліп, өздігінен түсе алмаған 50-жастағы ер адамға таудан түсуге көмектесті.

Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет емес.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.