Атырау облысында қар құрсауынан 2 адам құтқарылды

Оқиғалар
18.01.2026
13:37
Атырау облысында қар құрсауынан 2 адам құтқарылды

112 пультіне Атырау қаласынан 25 шақырым жерде «Атырау – Астрахань» автожолында адамдар отырған көлік қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Travelpress.kz.


 

Құтқарушылар оқиға орнына жедел түрде аттанды. Оқиға орнына келген кезде жеңіл автокөліктің қар құрсауында қалып қойғаны, көлікте 2 адам болғаны анықталды.


 

Лебедканың көмегімен көлік қар құрсауынан шығарылып, қауіпсіз жерге дейін жеткізілді. Эвакуацияланғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ.


 

ТЖМ тұрғындардан жолға шығар алдында ауа райын ескеріп, тас жолдарда қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз.


 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.