Алматы облысының тауларында туристер құтқарылды

Оқиғалар
01.07.2024
09:20
Алматы облысының тауларында туристер құтқарылды
5 адамнан тұратын туристік топ тауға көтеріліп, өз бетінше түсе алмады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД құтқарушылары және Алматы қаласының құтқару қызметінің құтқарушылары дереу шығып, іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылы арқасында 19-20 жастағы жас туристтер аман-есен табылды.

Ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты құтқару жұмыстары 5 сағатқа аса созылды. Туристер медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.