21 туристік сала өкілі Қазақстанның әлеуетін шетелдіктерге таныстырды

Көрмелер
21.10.2024
15:45
21 туристік сала өкілі Қазақстанның әлеуетін шетелдіктерге таныстырды
Қазақстанның туристік әлеуеті COTTM көрмесінде сәтті таныстырылды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бейжіңдегі халықаралық China Outbound Travel & Tourism туристік көрмесінде ұлттық стендті Kazakh Tourism және Алматы облысы Туризм басқармасы ҚР Туризм және спорт министрлігі қолдауымен ұйымдастырды

21 туристік сала өкілі Қазақстанның әлеуетін шетелдіктерге паш етті. Олардың қатарында 12 туроператор, 7 қонақ үй және демалыс орындары бар. Көрме аясында Outbound Tourism Investment & Development Forum форумында да Қазақстанның инвестициялық әлеуеті таныстырылды.

Атап өткен жөн, Қазақстан әлеуеті зор туристік бағыт ретінде халықаралық танымалдылыққа ие болып келеді. eQonaq жүйесінің деректері бойынша биылғы 10 айда Қазақстанға ҚХР-дан 122 мыңнан астам турист келген. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 64% көп. Былтырғы 10 айда елімізде 78 515 қытайлық турист саяхаттаған.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.