"NOMAD FAIR" халықаралық көрме-жәрмеңкесіне қатысуға шақырамыз, ол 2025 жылдың 3–5 шілдесі аралығында Ақтау қаласында, Halyk Arena кешенінде өтеді, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл іс-шара Ақтау қаласына 2025 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесінің ресми түрде берілуіне орай ұйымдастырылып отыр және Қазақстанның туристік әлеуетін ілгерілетуге, креативті индустрияларды дамытуға, сондай-ақ түркі тілдес елдердің бизнес, қолөнер және туризм салалары өкілдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
NOMAD FAIR келесі негізгі бағыттар бойынша өнімдер мен қызметтерді таныстыруға арналған бірегей платформа болмақ:
мәдениет және туризм;
гастрономия;
белсенді демалыс;
денсаулық пен сұлулық.
Іс-шара аясында:
демонстрациялық аймақтар;
аспаздық және қолөнер шеберлік сабақтары;
музыкалық ұжымдардың өнер көрсетуі;
кең ауқымды B2B бағдарламалар мен ойын-сауық форматтары қарастырылған.
Көрмеге қатысу сізге:
дистрибьюторлармен, серіктестермен және әлеуетті клиенттермен тікелей байланыс орнатуға;
туризм мен мәдениет саласындағы брендіңізді нығайтуға;
өз өнімдеріңізді ішкі және халықаралық нарықтарда таныстыруға мүмкіндік береді.
Қатысу мәселелері бойынша байланыс тұлғалары:
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.