23-25 қазан аралығында Түркияда Antalya Tourism Fair халықаралық туристік көрме өтеді

Іс-шаралар
24.09.2024
10:19
23-25 қазан аралығында Түркияда Antalya Tourism Fair халықаралық туристік көрме өтеді
2024 жылғы 23-25 қазан аралығында Түркияның Анталия қаласында Antalya Tourism Fair халықаралық туристік көрме өтеді, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Көрменің ұйымдастырушылары өтеусіз негізде Қазақстанның туристік бизнес өкілдері үшін (ауданы 12-24 ш.м.) стандартты стенд (Shell stand) құруды ұсынып отыр. 

Толық ақпарат келесі сілтеме бойынша.

Мүдделі тұлғалардан сілтеме бойынша өтінімді 2024 жылдың 27 қыркүйегіне дейін толтыруды сұраймыз. Жоғарыда көрсетілген мерзімнен кейін тіркелген қатысушыларға Ұйымдастырушы стендте орын беруге кепілдік бере алмайды. 

Бұдан басқа, қазақстандық делегация құрамына іріктеу бекітілгеннен кейін (2024 жылғы 30 қыркүйектен кейін) қатысушы өтінімнің күшін жойған жағдайда, сондай-ақ өтінімде көрсетілген ережелер сақталмаған жағдайда (https://forms.gle/bPWQohThuvCMmuPd7), Ұйымдастырушы қатысушыны келесі көрмелерге қатысуына рұқсат бермеуге құқылы.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.