- Әсет, Сіз қалай трэвэл-блогер болдыңыз? Саяхатқа деген құштарлық қалай пайда болды? Сіз өз тағдырыңызды саяхаттаумен қалай байланыстырдыңыз және бұл қазір негізгі табыс көзі ме?
- Мұның бәрі әйелім екеуміз көп саяхаттай бастаған кезде туындады: саяхатшылардың негізгі сұраныстары бойынша неліктен пайдалы кеңестермен, лайфхактармен және шолулармен бөліспеске деген ой пайда болды. Әлеуметтік желілерде өз парақшаларымызда көрсете бастадық: көрікті жерлер, ел ішіндегі баға саясатына шолулар, әр түрлі елдердегі азық-түлік, жалға берілетін тұрғын үй, белгілі бір қонақ үйлердің бағасы жайлы. Осы сәтте бізге адамдар көбірек жазыла бастап, біз оның құнды екенін түсіндік. Менің ойымша, барлық адамдарда саяхатқа деген құштарлық бар. Бұл, шын мәнінде, адамды тәрбиелейтін пайдалы дәрі - оның көкжиегін кеңейтіп, дүниетанымы мен санасын өзгертеді. Әрине, бұл сонымен қатар өте жағымды, жаңа нәрсені үйрену, әлемнің әр түрлі халықтарының мәдениетіне ену. Менің ойымша, өз үйінің шегінен шығу – қазақтардың түйсігінде бар нәрсе, өйткені бізде көшпенділердің қаны бар. Осылайша хобби жұмысқа айналды. Бастапқыда менің бизнесім болды және біз саяхаттауға ақша таптық. Әйеліммен бірге әлемнің 100 еліне бару өршіл мақсатын қойдық, бірақ кейіннен біздің бастамамыз блогтың арқасында ақша әкеле бастады. Ал қазір біз тек саяхаттаймыз, мен көптеген жобалардан кеттім және қазір тек трэвэл-блогымды дамытумен айналысамын.