Каталония аймақтық парламенті Барселонадағы туристік алымды екі есеге арттыру туралы заңды мақұлдады. Енді қалада бір түн үшін алынатын ең жоғары төлем 6,25 еуроның орнына 12,5 еуроны құрайды, деп хабарлайды Reuters. Бұл шешім туристер санын азайту және қолжетімді тұрғын үй қорын қаржыландыру мақсатында қабылданды.