19.04.2025
21:26:44
ru
kz

Мальдив аралдарына кейбір шетелдіктер үшін кіруге тыйым салынады

Шетелдік жаңалықтар
19.04.2025
01:03
Мальдив аралдарына кейбір шетелдіктер үшін кіруге тыйым салынады

16 сәуірде Мальдив аралдарының билігі Израиль мемлекетінің төлқұжат иелеріне мемлекетке кіру тыйым салынатыны туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды TravelPress.kz.

Осылайша мемлекет Газадағы қақтығысқа байланысты наразылықты білдірді. CNN хабарлауынша ел президенті Мұхаммед Муиззу осыған қатысты 15 сәуірде парламент қабылдаған заңды мақұлдады. 

Израиль төлқұжаты бар адамдарға тыйым салу ережесі мемлекеттің иммиграция туралы Заңында белгіленді. Ал Израиль мемлекеті кез-келген ұлтты жоюға қатысты ақпараттарды жоққа шығаруда. 

Туризм саласы Мальдив экономикасының негізгі қайнаркөзі: ЖІӨ-нің шамамен 21% құрайды және 2024 жылда 5,6 миллиард доллар пайда түскен. 

Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.