Бұл соңғы бес жылдағы рекордтық көрсеткіш. Жаңа жылдық демалыста Қытайдың Хэйлунцзян провинциясының орталығы Харбин қаласына 3,5 миллионға жуық шетелдік қыдырып келген.
Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігі жазды.
Қала бюджетіне 5,91 миллиард юань түскен. Яғни, 832,39 млн долларды құрайды.
Қалалық туризм департаментінің қызметкері Ван Хунсиннің айтуынша, Харбинге туристердің келуіне басты себеп, шахардың көрікті жерлері әлеуметтік желілерде аса танымал. Сондықтан аталмыш қала бүгінде елдің ең танымал туристік бағытына айналып отыр.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.