Қазақстанның Мысырдағы Елшісі, Араб мемлекеттері лигасындағы (АМЛ) Тұрақты өкілі Қайрат Лама Шариф АМЛ Туризм жөніндегі араб халықаралық ұйымының Бас хатшысы Шериф Фатхи Атиямен кездесті, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Кездесу барысында тараптар туризм саласындағы ынтымақтастық, Қазақстанда және араб елдерінде өткізілетін халықаралық туристік көрме-жәрмеңкелерге қатысу, Қазақстанның туристік кластерлеріне арабтық инвестицияларын тарту мүмкіндіктерін талқылау жөнінде пікір алмасты.
Қазақстандық дипломат Қазақстанның туристік әлеуеті, көрікті жерлері туралы айтып, визавиді елімізге, атап айтқанда, 2024 жылғы 22-24 сәуірде Алматыда өтетін «Туризм және Саяхат» (KITF-2024) XXII халықаралық көрмесінің ашылуына шақырды. Өз кезегінде Шериф Фатхи Атия еліміздің туристік әлеуетін жоғары бағалап, KITF-2024 шеңберінде туризм саласындағы алғашқы Қазақстан-араб инвестициялық форумын өткізуді ұсынды. Сұхбаттасушымен мұндай іс-шара екіжақты талқылау және Қазақстанның араб елдерімен туризм саласындағы ынтымақтастығын одан әрі нығайту үшін тамаша алаң бола алатынын атап өтті.
Бұдан басқа, Қазақстанның туризм және спорт министрлігі мен Араб халықаралық туризм ұйымы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасасу мүмкіндіктері қаралды, сондай-ақ АМЛ Бас хатшылығы арқылы бұл жұмысты үйлестірудің маңыздылығы атап өтілді.
Сонымен қатар, Елші Қайрат Лама Шариф 2024 жылғы 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу туралы әңгімелесушіні хабардар етті және Араб туризмы ұйымын осы іс-шараның ашылуына қатысуға шақырды.
Бас хатшы Қазақстанның осы туристік бастамасын қолдауға қызығушылық танытты, сондай-ақ бұл іс-шараны асыл тұқымды Араб жылқыларымен ат жарысы бойынша халықаралық турнирмен бірлестіруді ұсынды.
Қорытындылай келе, тараптар туризм саласындағы тығыз өзара іс-қимыл мен одан әрі ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.
Араб Туристік Ұйымы (Arab Tourismgganization) – Араб Мемлекеттері Лигасының туризм министрлері кеңесінің (АМЛ) жанында жұмыс істейтін дипломатиялық мәртебесі бар үкіметаралық ұйым. Ұйымның құрамына Мысыр, Иордания, Марокко, Сауд Арабиясы, Қатар, Кувейт, Бахрейн, Оман, БАӘ, Ирак, Сирия, Ливан, Йемен, Ливия, Судан, Тунис, Алжир, Мавритания, Сомали, Джибути, Комор аралдары Және Палестина кіреді.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.