Республика күніне орай қосымша пойыздар жолға шығады

Басты жаңалықтар
21.10.2024
22:32
Республика күніне орай қосымша пойыздар жолға шығады
Ұлттық тасымалдаушы Республика күні мерекесіне орай жолаушылар ағынының артуына байланысты қосымша пойыздар тағайындады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

Олар келесі бағыттар бойынша қатынайды:

- №630/629 пойызы «Ақтөбе-Шалқар» бағыты бойынша 2024 жылғы 22 қазаннан бастап күнара қатынайды;
- №204 пойызы «Астана-Шымкент» бағыты бойынша 2024 жылғы 21 қазаннан бастап күнделікті қатынайды;
- №216 пойызы «Шымкент-Алматы» бағыты бойынша 2024 жылғы 22 қазаннан бастап күнделікті қатынайды;
- №201 пойызы «Алматы-Астана» бағыты бойынша 2024 жылғы 23 қазаннан бастап күнделікті қатынайды.

Пойыз құрамында купе және плацкарт вагондары да болады. Сонымен қатар, қала маңындағы бағыттар бойынша 2024 жылғы 25 және 27 қазанда «Қарағанды-Астана» бағытындағы электр пойызының бағыты Бурабай курорты станциясына дейін ұзартылады. №7553/6811/6812/7556 «Қарағанды-Астана-Бурабай курорты» электрпойызының бағыты:

- Астанадан сағат 10:40-та жөнелтіледі, Бурабайға сағат 13:15-те келеді;
- Бурабайдан сағат 14:10-да кері жөнелтіледі, Астанаға сағат 17:00-де келеді.

Сонымен қатар, 2024 жылғы 25, 26 және 27 қазанда «Ерейментау-Астана-Көкшетау» бағытындағы №6831/6829/6830/6832 электр пойызының құрамына қосымша вагондар қосылады.

Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан және «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан сатып алуға болады. Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі туралы мәліметтерді «1433» нөмірі, сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның ресми инстаграм @jolaushylar_tasymaly арқылы алуға болады.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.