New York Times Алматыны ең үздік қалалар тізіміне енгізді

Басты жаңалықтар
10.01.2024
11:51
New York Times Алматыны ең үздік қалалар тізіміне енгізді
The New York Times жаңа жылда көруге болатын әлемдегі 52 орынның дәстүрлі тізімін жариялады. Танымал басылымның нұсқасы бойынша Алматы тізімде 25 орында тұр.

Редакция жазғандай: «Алматы екі миллион халқы бар Қазақстанның ең ірі қаласы бола тұра, бейбіт, бірақ белсенді шахар әсерін қалдырады. Алматының мәдени орталық ретіндегі мәртебесі оның гастрономиялық өмірінде айқын көрінеді.

Алматы

Ұн, су және етке негізделген «нео-номадтар» асханасы гипер-заманауи стильде ұсынылған; оны AUYL немесе TÖR ресторандарында көре аласыз. Lanzhou Noodle мейрамханасы қытай тағамдарын, ал Sensilyo Coffee немесе JumpinGoat кафелері - керемет кофе ұсынады.

Алматы

Көк базардағы жемістер мен жаңғақтарды тамашалаңыз, содан кейін жақында кеңестік дәуірі ғимаратында ашылған үлкен азық-түлік базарында PlatformA-ға барыңыз».
 
Мақала Әулие Вознесенск соборының фотосуретімен бірге жүреді.

«Қазақстан соңғы жылдары әлемдік БАҚ рейтингіне жиі ілігіп келеді және New York Times тізіміне ену туристердің біздің елімізге деген қызығушылығының артып келе жатқанын анық білдіреді», - ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Алматы

Алматы - бұл рейтингке енген аймақтағы жалғыз қала. Бұған дейін 2017 жылы Қазақстан ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында осы тізімге енгізілген болатын.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.