Қыс мезгілімен қоштасқан сәтте, тәжірибелі саяхатшылар көктемгі сапарға жоспарлай бастайды. Бірі қалың күртесін жеңіл киімге ауыстырып, теңіз жағасындағы жылы құмды аңсайды. Енді бірі көне қалалардың тар көшелерінен, ғасырлар сырын сақтаған алаңдардағы таңғы кофеден шабыт алып, Еуропаның мәдени бағыттарын таңдайды.
Туроператор Qazaq Express агенттерге осы сұраныстардың кез келгенін қанағаттандыруға мүмкіндік береді: жағажайлы Мысыр мен БАӘ-нің премиум курорттарынан бастап, Италия, Франция және Венгрия бойынша экскурсиялық турларға дейін.
Теңізді таңдағандар үшін Qazaq Express ауа райы тұрақты, өзін жақсы жағынан дәлелдеген бағыттарды ұсынады. Қызыл теңіз бен Парсы шығанағы елдері көктемгі демалыстың классикасына айналған. Теңіз суы жылып, кешкілік серуендеуге де, тарихи орындарға экскурсия жасауға да қолайлы жағдай қалыптасады.
Египет, Сауд Арабиясы, Бахрейн сынды мемлекеттердің бай тарихи мұрасы туристерді ел ішіне тереңірек үңілуге, мәдени орталықтарды аралап, жаңа маршруттарды ашуға шақырады. Мәселен, жақында ашылған Grand Egyptian Museum - Каирге арнайы барып, Тутанхамон қазыналарын көруге тұрарлық бірегей нысан.

Азия бағыттары - Вьетнам мен Таиланд - көктемде жайлы климатымен және визасыз режимімен ерекшеленеді. Бұл саяхатшыларға бірнеше елді біріктірген турларды еркін жоспарлауға мүмкіндік береді. Фукуок пен Нячангтың, Пхукет пен Крабидің жағажайларында демалып, мыңжылдық тарихы бар қалаларды, табиғи ғажайыптарды тамашалауға болады. Солардың қатарында Халонг шығанағы мен Муйне құмды дюналары бар. Турция көктемде мүлде басқа қырынан ашылады. Жаздағы аптап ыстық пен туристердің көптігі жоқ. Анталия және Эгей жағалауларында жайлы демалып қана қоймай, Каппадокия өңіріндегі ерекше жерасты қалаларын, әуе шарларын тамашалауға немесе Стамбулдың колоритті атмосферасын сезінуге болады.
Еуропа көктемде ерекше әсем: мұражайлар босырақ, қонақүй бағалары жазға қарағанда төмен, ал ауа райы серуенге қолайлы. Бұл бағытта Qazaq Express-тің маңызды артықшылығы бар - NEOS әуе компаниясының Алматы - Милан тікелей рейстері. Бұл – артық аялдамасыз, уақыт жоғалтпай Милан қаласына жетудің ыңғайлы жолы. Миланнан Италияның өзге қалаларына сапар шегіп қана қоймай, Франция немесе Швейцарияны қамтитын біріктірілген маршруттар құруға болады.
Туроператордың маркетинг жөніндегі директоры Александр Маградзе атап өткендей:
«Көктем – туристер саяхатқа ерекше ықыласпен қарайтын маусым. Қыстан кейін әркімге жаңа эмоция керек. Qazaq Express-тің мақсаты – агенттерге клиенттің қажеттілігіне дәл келетін демалысты ұсынуға мүмкіндік беретін тиімді құралдар беру және әр броньның сапасына сенімді болу».

Агенттерге ыңғайлы болу үшін Qazaq Express жеке онлайн-экожүйесін ұсынады. Online Express платформасы арқылы небәрі бір минут ішінде әуе билетін, қонақүйді, сақтандыруды және трансферді біріктіретін динамикалық пакет құрастыруға болады – барлығы туристің сұранысына сай бейімделеді. Ал ерекше сапар қажет болса, FIT-express платформасы көмектеседі: мұнда стандарттан тыс логистикасы бар, VIP-сервис пен қосымша қызметтерді қамтитын жеке турлар жасалады.
Көктем – жазғы саяхатты тиімді жоспарлайтын кезең. Qazaq Express туристерге танымал қонақүйлерді алдын ала броньдап, бүгіннен бастап 50%-ға дейінгі тиімділікті бекітуге мүмкіндік береді, ал агенттіктерге жоғары маусымдағы қарбалассыз сатылымды жоспарлауға жол ашады.
Көктемгі және жазғы турларды Qazaq Express-пен бірге броньдап, туристерге жай ғана сапар емес, ұзақ уақыт есте қалатын жарқын эмоциялар сыйлаңыз.
