Kids Go Free: 3400-ден астам бала тегін саяхаттады

Басты жаңалықтар
21.05.2024
11:45
Kids Go Free: 3400-ден астам бала тегін саяхаттады
Соңғы екі жылда 3 400-ден астам бала Kids go free бағдарламасы бойынша тегін әуе саяхатын пайдаланды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Биыл жобамен 3,5 мың баланы қамту жоспарланып отыр.

 
Балалар лагерлеріне жүргізілген түгендеу қорытындысы бойынша балалар-жасөспірімдер туризмі объектілерінің каталогы жасалды. Оқушыларға арналған қолданыстағы демалыс базаларының бір бөлігі жөндеуді қажет етеді, өйткені ғимараттардың қызмет ету мерзімі асып кеткен. Инвестициялық белсенділікті ынталандыру үшін құрылыс шығындарының 10%-на дейін және туристік автобустарды сатып алуға – 25%-ға дейін өтемақыны көздейтін шаралар енгізілді.

 
«Жанды сабақтар» жобасы аясында оқушылар үшін экскурсиялық сабақтар ұйымдастырылып, кәсіпорындар мен зауыттарға барды. 2023 жылдан бастап жоба өңірлерге одан әрі іске асыру үшін берілді. 2020-2023 жылдар аралығында оған 3 мыңнан астам бала қатысты. 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.