Ішкі туризмді дамыту аясында келесі жылдан бастап «Қызылорда-Көкшетау» бағытында әуе рейсін ашу жоспарлануда.
Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаевтың Қызылорда облысы тұрғындарымен кездесуінде белгілі болды.
Бүгін Көлік министрі Марат Қарабаев Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесті. Жиында ведомство басшысы министрлік құзыретіндегі сауалдарға жауап берді.
Келесі жылы «Қызылорда-Ақтөбе» автомобиль жолын қайта жөндеу басталады. Жол I техникалық санатқа сәйкес және төрт жолақты болады. Жөндеу жұмыстары Қызылорда қаласын айналып өтетін жолдан басталады. Қызылорда облысының аумағы бойынша жолдың ұзындығы 465 шақырымды құрайды. Сондай-ақ 2027 жылы жалпы ұзындығы 736 шақырымды құрайтын «Бейнеу-Сексеуіл» республикалық маңызы бар автомобиль жолының құрылысы басталады. Сонымен қатар, биыл Қызылорда облысының аумағынан өтетін «Қызылорда-Жезқазған» автожолының 140 шақырымы пайдалануға беріледі. Кездесу соңында министр өзекті мәселелері бар өңір азаматтарын жеке қабылдады.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.