Қазақстанға ең көп турист қай елдерден келді?

Басты жаңалықтар
17.02.2025
15:30
Қазақстанға ең көп турист қай елдерден келді?
Қазақстанға ең көп турист қай елдерден келді, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанға 11,5 миллион шетелдік азамат келген. Бұл – 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп.

Назарларыңызға 2024 жылдың тоғыз айында елімізге келген туристер саны бойынша ТОП-10 елді ұсынамыз.

Қонақ үй мен басқа да орналастыру орындарына Ресей Федерациясынан келген туристер көбірек тоқтаған. Яғни, 2024 жылдың тоғыз айында елімізге Ресейден 307 756 адам келген. Кейінгі сатыға Қытай (127 059 адам) азаматтары жайғасса, үздік үштікті Үндістан (91 148 адам) туристері түйіндеді.

Сонымен қатар алғашқы ондықтың қатарында Түркия (47 590), АҚШ (35 628), Өзбекстан (29 082), Германия (24 672), Оңтүстік Корея (20 950), БАӘ (17 557) және Италия (13 411) мемлекеттері бар.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.