Қазақстан мен Әзірбайжан туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Басты жаңалықтар
22.10.2025
09:00
Қазақстан мен Әзірбайжан туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Әзербайжан туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтады, деп хабарлайды Travelpress.kz.


 

Астанада «Қазақстан – Әзербайжан: Жасанды интеллект пен индустриялды бастамалардың дамуы жағдайындағы экономикалық ынтымақтастық» атты бизнес-форум өтті. Іс-шараға екі елдің мемлекеттік органдары мен бизнес өкілдері қатысты.


 

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі атынан құттықтау сөз сөйлеген Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев форумның маңыздылығына тоқталды.


 

«Каспий теңізі бүгінде тек шекара ғана емес, мәдениет, табиғат және инновацияны біріктіретін бірыңғай туристік кеңістікке айналып келеді», — дейді Нұртас Кәріпбаев.


 

Қазақстан мен Әзербайжан Каспий жағалауын қамтитын бірлескен туристік маршрутты дамытуға ниетті. Бұл маршрут экотуризмді, мәдени-танымдық, емдеу-сауықтыру, гастрономиялық бағыттарды, сондай-ақ оқиғалық туризмді қамтиды.


 

Саланың цифрландырылуына ерекше назар аударылуда. Елімізде туристің виртуалды картасы енгізілді. Ал болашақта Каспий аймағы бойынша сұранысты болжауға және маусымдылықты басқаруға мүмкіндік беретін жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы ортақ цифрлық кеңістік құру көзделуде.


 

Форум аясында Әзербайжан Республикасының Экспортты және инвестицияны ілгерілету агенттігі (AZPROMO), Қазақстан Республикасының Alakol Medical Tourism ЖШС және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.


 

Бұл меморандум – Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мен экономикалық байланыстарды нығайту жолындағы маңызды қадам.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.