Қазақстан Халықаралық Азаматтық авиация ұйымымен келісімге қол қойды

Басты жаңалықтар
14.05.2024
12:10
Қазақстан Халықаралық Азаматтық авиация ұйымымен келісімге қол қойды
Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) 2050 жылға дейін халықаралық рейстерден таза нөлдік эмиссияға қол жеткізу мақсатын алға қойды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Осы ретте ИКАО Еуропалық/Солтүстік Атлантикалық бюросының өңірлік директоры Николя Ралло Қазақстанға кезекті сапары барысында Қазақстан мен ИКАО арасында экологиялық авиациялық отын (ACT-SAF) саласында әлеуетті арттыру мен мамандарды оқытуды қолдау жөніндегі ИКАО бағдарламасына Қазақстанның қосылуы туралы келісімге қол қойылды.

Қазақстан тарапынан құжатқа Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, ИКАО тарапынан – ИКАО Еуропалық/Солтүстік Атлантикалық бюросының өңірлік директоры Николя Ралло болды.
 
Аталған құжатқа сәйкес ИКАО Қазақстанға ACT-SAF бағдарламасының іс-шараларын әзірлеуге және оған қатысуға жәрдемдесетін болады. Атап айтқанда, озық тәжірибе мен өзекті ақпарат алмасу, оқыту семинарлары мен тренингтеріне қатысу, ұлттық іс-қимыл жоспарларында SAF-қа байланысты мәселелерде техникалық көмек көрсету және SAF бойынша нақты жобаларды іске асыру.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.