Еліміз Армениямен туризм саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуда

Басты жаңалықтар
24.12.2025
11:38
Еліміз Армениямен туризм саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуда

ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен Армения Республикасы Экономика министрлігі Туризм комитетінің төрағасымен онлайн кездесу өткізді, деп хабарлайды Travelpress.kz.


 

Басқосуға Қазақстан мен Арменияның мемлекеттік органдарының өкілдері, туроператорлар мен туристік компаниялар қатысты. Кездесу барысында Қазақстан мен Армения арасындағы туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланып, өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары айқындалды.


 

Жиын барысында ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев еліміздің туристік әлеуетін таныстырып, саланы дамытудың негізгі бағыттары, басым туристік маршруттар, сондай-ақ шетелдік серіктестермен өзара іс-қимылды кеңейту мүмкіндіктері туралы баяндады.


 

Сондай-ақ Қазақстан мен Арменияның туризм саласында ынтымақтастықты дамытуға, оның ішінде бірлескен жобаларды іске асыру, озық тәжірибелермен алмасу, туристік өнімдерді қалыптастыру және оларды халықаралық нарықта ілгерілету бағытында әлеуеті жоғары екені атап өтілді.


 

Кездесу қорытындысында тараптар туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және жүйелі диалогты жалғастыруға мүдделі екендерін растады.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.