Air Astana Сауд Арабиясына ұшатын рейстер санын көбейтті

Air Astana Сауд Арабиясына ұшатын рейстер санын көбейтті
Әуекомпания Шымкенттен Жидда қаласына тұрақты тікелей рейстерді орындайтын болады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Жаңа тұрақты рейс 2024 жылғы 1-28 қазан аралығында Алматы-Жидда әуе қатынасына қосымша аптасына 2 рет орындалады. 28 қазаннан бастап Шымкент-Жидда бір жиілігі аптасына 1 рет орындалатын Шымкент-Мәдина бағытына ауыстырылады. Сондай-ақ, 29 қазаннан бастап Алматы-Мәдина бағытында аптасына 2 рет тікелей рейс іске қосылады.

Рейстердің барлығы бизнес-кластағы 16 орны және эконом-кластағы 150 орны бар Airbus A321LR жайлы әуе кемесімен орындалады. Шымкент-Жидда және Шымкент-Мәдина рейстерінің ұшу ұзақтығы-5 сағат 35 минут, Алматы-Мәдина-6 сағат 10 минут.

Шымкент-Жидда бағыты бойынша барлық алымдармен екі жаққа да әуебилеттердің ең төменгі құны 301 208 теңгеден, Алматы-Мәдина-336 882 теңгеден, Шымкент-Мәдина-308 050 теңгеден басталады. Қазақстан азаматтары Сауд Арабиясына сапар алдында электрондық виза алуы қажет.

Жидда - Сауд Арабиясындағы көлемі жағынан екінші қала және оның «экономикалық астанасы». Жидда көрікті жерлерге, соның ішінде король Факх субұрқағына, ескі Әл-Балад қаласына, қызықты базарлар мен Қызыл теңіз жағажайларына бай. Жидда Меке қаласынан жүрдек пойызбен бір сағат қашықтықта орналасқан.

Мәдина - мұсылмандардың Меккеден кейінгі екінші қасиетті қаласы. Пайғамбар мешіті ислам дінінің Меккедегі әл-Харам мешітінен кейінгі екінші киелі орны болып саналады. Қалада басқа да көптеген мешіттер, мұражайлар, сауда орталықтары мен мейрамханалар бар.
Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.