Air Astana 12 жылдық C-check сәтті

Басты жаңалықтар
07.11.2024
14:11
Air Astana 12 жылдық C-check сәтті
Air Astana алғашқы 12 жылдық C-check сәтті аяқтады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Air Astana Қазақстанда бірінші болып Airbus А320/321 тобындағы әуе кемесінде C12-check техникалық қызмет көрсетудің ауыр нысанын дербес жүзеге асырды. 
 

«Airbus A321-де C12-check алғашқы ауыр техникалық қызмет көрсетуді жүргізу компанияның инженерлік ресурстары мен мамандарымыздың жоғары біліктілігін және мүмкіндіктерін растайды», - деді әуекомпанияның Астанадағы техникалық орталық пен C-check техникалық қызмет көрсету бөлімінің директоры Роберт Дандо. – «Өзiмiздiң техникалық қызметтерімізді дамытуға бағытталған тұрақты ұмтылысымыз, бұрын шетелде жүргізілген ауыр жөндеу жұмыстарынан кеткен шығындарды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді».

12 жылдық C-check кезінде ұшақтың барлық бөліктеріне тереңдетілген тексерулер мен сынақтар жүргізіледі. Әуе кемесі бөлшектеліп, құрылымы мен компоненттері, соның ішінде жанармай бактарының ішкі жағы толық тексеруден өтеді. Кейбір тексерулер жасырын ақауларды, жарықтарды және басқа да аномалияларды анықтау үшін бұзбай тексеру әдісімен жүзеге асырылады. Негізгі компоненттер, мысалы, қозғалтқыштар, бекіту мен құрылымдарын тексеру үшін алынып тексеріледі. Барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін, ұшу басқару жүйесінен бастап борттағы ойын-сауық жүйесіне дейін барлық жүйелердің дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізу үшін техникалық тексеру ұшу орындалады, содан кейін ғана әуе кемесі жолаушылар тасымалына қайтарылады.

Air Astana өз техникалық орталықтарында жалпы 32 C-check жүргізді. Алғашқы 1С-check 2019 жылы, 2С-check 2022 жылы, ал алғашқы дербес 6 жылдық C-check 2023 жылы орындалды. 2023 жылы Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігі Air Astana компаниясына Airbus A320/A321 ұшақтарына 12 жылдық C-check-терді өткізуге рұқсатын берді. Алғашқы 12 жылдық C-check өткізілген Airbus A321 ұшағы компанияның флотында 2012 жылдан бері қызмет етуде. Әуекомпания осы жылдың соңына дейін тағы бір 12 жылдық C-check өткізуді жоспарлап отыр.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.