Жолаушы Астана әуежайы арқылы 160 мың АҚШ долларын алып өтпек болған

Қазақстан жаңалықтары
15.01.2024
13:55
Жолаушы Астана әуежайы арқылы 160 мың АҚШ долларын алып өтпек болған
Астана халықаралық әуежайының Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ұшу алдындағы тексеру жүргізу барысында шамамен 160 000 АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты шетелге алып өтпек болған жолаушыны анықтады.

Бұл туралы Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлады.

Тексерістен кейін әуежай қызметкерлері жолаушыны аталған қаражатпен бірге құзырлы органға тапсырды.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы Жарлығына сәйкес 10 000 АҚШ долларының баламасынан асатын сомада қолма-қол шетел валютасын әкетуге тыйым салынады.
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.