Жас домбырашылар пойыз ішінде күй орындады

Қазақстан жаңалықтары
05.11.2024
14:11
 Жас домбырашылар пойыз ішінде күй орындады
Жарыстан жеңіспен оралған жас домбырашылар пойыз ішінде күй орындады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы “Жолаушылар тасымалы» АҚ” баспасөз қызметі мәлім етті.

«Аналарға Көмек» қоғамдық қоры «Жалын тобының» жас өнерпаздары Ұлттық тасымалдаушының №10 «Астана-Алматы» пойызында күй тартты. Астанада өткен жарыста бас жүлдені иеленіп, шабытқа толы күй орындаған домбырашыларды пойыз жолаушылары шапалақпен қолдап, ықылас танытты.

Домбырашылар «Ер Тұран» мен «Балбырауын» сияқты әйгілі ұлттық күйлерді орындап, өз шеберліктерін паш етті. Жолаушылардың пікірінще, өскелең ұрпақтың өнерінен патриоттық сезім мен ұлттық мәдениетке деген құрметі анық көрінеді.

Айта кетейік, Ұлттық тасымалдаушының пойыздарында әртістер жиі дайындық жасап, өз өнерлерін көрсетіп, барлық жолаушыларды ерекше өнермен қуантады.


 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.