Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Ресми статистика да қарқынды өскенін көрсетеді. 2023 жылдың бірінші тоқсанында облысқа 76 217 адам келсе, 2024 жылдың сәйкес кезеңінде 99 335 адам облыс табиғатын тамашалаған.
Туристер арасында тек облыс орталықтары ғана емес, Алматы облысының ұлттық табиғи саябақтарында да келушілер санының өсімі байқалады.
2023 жылдың 6 айына:
«Шарын» мемлекеттік ғылыми кәсіпорны: 53 965 адам
«Көлсай көлдері» мемлекеттік ғылыми кәсіпорны: 97 104 адам
«Іле-Алатау» МҰТП: 274 184 адам
2024 жылдың 6 айына:
«Шарын» мемлекеттік ғылыми кәсіпорны: 54 955 адам
«Көлсай көлдері» мемлекеттік ғылыми кәсіпорны: 161 746 адам
«Іле-Алатау» МҰТП: 358 847 адам қабылдаған.
Алматы облысының туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мейрамбекұлы өз сөзінде:
"Алматы облысы - табиғат сұлулығының, тарихи құндылықтардың және қонақжайлылықтың ортасы. Біз әрбір қонаққа жайлы жағдай жасау үшін туризм инфрақұрылымын дамытуға бар күш-жігерімізді салып жатырмыз. Алда үлкен жоспарларымыз бар. Алматы облысы Орталық Азиядағы ең тартымды туристік бағыттардың біріне айналатынына сенімдімін», - деп өз жоспарымен бөлісті.