Вице-министр Ержан Еркінбаев ҚР Сенаты және туристік сала өкілдерімен кездесті

Қазақстан жаңалықтары
15.07.2024
17:24
Вице-министр Ержан Еркінбаев ҚР Сенаты және туристік сала өкілдерімен кездесті
Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев ҚР Сенаты және туристік сала өкілдерімен кездесті,деп хабарлайды Travelpress.kz.

Министрдің тапсырмасы сәйкес өткен кездесуде Мемлекет басшысының биылғы 13 маусымдағы отырысының қорытындысы бойынша Қазақстанда туризмді дамыту күн тәртібі талқыланды.

«Фасилитация» форматындағы кездесуде бизнесті дамыту, институционалдық нығайту, мемлекет пен бизнес арасындағы коммуникацияларды жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.  

Сондай-ақ пікірталастың күн тәртібіне маркетингті күшейту және мемлекеттік қолдау шаралары, оның ішінде этноауылдар, глампингтер құрылысы, сондай-ақ автокеруендер үшін инфрақұрылымды дамыту мәселелері енді.

Кездесу ашық пікірталас форматында өтті. Жиын қорытындысы бойынша туризмді дамыту жөніндегі алдағы бастамалар мен бағдарламалар үшін негізгі бағыттар бойынша Мемлекеттік органдардың, сенаторлар мен бизнес өкілдерінің ортақ көзқарасы қалыптастырылды.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.