Visit Astana және Forte bank Астана күні орай өз клиенттеріне сыйлық жасады

Қазақстан жаңалықтары
04.07.2024
13:59
Visit Astana және Forte bank Астана күні орай өз клиенттеріне сыйлық жасады
Астана күніне орай, «Visit Astana» Қазақстанның жетекші банктерінің бірімен бірлесіп, өз клиенттеріне сыйлық жасады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

Олар елорданың көрнекті орындарының иллюстрациялары бар цифрлық дизайндарды әзірледі. 

Цифрлық дизайн Apple Pay, Samsung Pay, Google Pay қызметтері арқылы төлем жасаған кезде электрондық әмияндағы төлем картасының суретін өзгертуге мүмкіндік береді.
 
Жоба авторлары туристік көрнекті орындар мен заманауи технологияларды біріктіре отырып, жас қазақстандық астананың бірегейлігіне назар аудартуды көздейді: дизайнерлер Астананың танымал нышандары, мысалы, «Бәйтерек» монументі, Республикалық Бас мешіт, «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы, Бейбітшілік және келісім сарайы және ЭКСПО-дағы «Нұр Әлем» болашақ мұражайы сияқты орындарды бейнелеген.
 
Цифрлық дизайндарды таңдау процесі интуитивті түрде түсінікті: банктің мобильді қосымшасында карта туралы толық ақпарат бөлімі мен карта дизайнын таңдап, ұнаған иллюстрацияны орнату қажет. Астананың көріністері бар цифрлық карта дизайндарын клиенттер лимитсіз пайдалана алады.
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.