Ұлттық тағам әзірлейтін мейрамхана 50 Best Discovery тізіміне кірді

Қазақстан жаңалықтары
26.01.2024
09:23
Ұлттық тағам әзірлейтін мейрамхана 50 Best Discovery тізіміне кірді
Қазақтың ұлттық тағамдарын жасаумен танылған белгілі мейрамхана 50 Best Discovery тізіміне енді, деп хабарлайды Travelpress.kz

Бұл туралы “Kazakh Tourism” ҰК” АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

Qazaq Gourmet мейрамханасы 50 Best Discovery беделді халықаралық тізіміне енді. Бұл шара қазақтың ұлттық тағамдары мен Қазақстанның гастрономиялық индустриясының әлемдік аренадағы мойындалуы мен танылуының айғағы.

50 Best Discovery - бұл бүкіл әлемнен The World’s 50 Best Restaurants және The World’s 50 Best Bars сыйлығының сарапшылары таңдаған, мейрамханалар мен барлардың таңдаулы жиынтығы болып табылатын беделді халықаралық платформа. Бұл тізім аспаздардың, рестораторлардың, сыншылардың және 1000-нан аса тәуелсіз беделді мамандардың ұсыныстарына негізделген.

Ол эксклюзивті мейрамханалардан көше тағамдарына дейін, гастрономия сүйер қауымға әртүрлі мәдениеттер мен елдердің бірегей дәмдік әсерлері мен кулинарлық ашылуларын ұсынып, жаңа гастрономиялық үрдістерді бейнелейтін және үнемі жаңартылып отыратын кулинарлық тәжірибелердің кең спектрін қамтиды.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.