ТҮРКСОЙ 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдайды

Қазақстан жаңалықтары
01.04.2024
12:00
ТҮРКСОЙ 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдайды
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекция жетекшісінің орынбасары Абылай Қондыбаев ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевпен кездесті, деп хабарлайды Travelpress.kz.
 
Бұл туралы Instagram-дағы Worldnomadgames.kz парақшасында жазды.

Тараптар алдағы күзде Астанада өтетін ойындарға дайындық барысын талқылады. ТҮРКСОЙ Бас хатшысына «Ұлы дала дүбірі» атты 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тұжырымдамасы таныстырылды.
 
Шара барысында Абылай Қондыбаев «Бірлік керуені» жобасының тұжырымдамасы туралы да айтып берді. Жобаға, ел тұрғындары барынша жұмылдырылатын болады. Шараны іске асыру ел халқын ұлттық спорт түрлерімен белсенді айналысуға мүмкіндік береді. Сұлтан Раев қазақстандық тараптың ойындарды өткізудегі креативті және прогрессивті ұстанымын жоғары бағалады.

Айта кету керек, этноспорттық және этномәдени қозғалысты дамытуға бағытталған Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілген.
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.