Туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 113,2 млрд теңгеге жетті

Қазақстан жаңалықтары
14.11.2025
12:00
Туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 113,2 млрд теңгеге жетті

Алматыда 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында туризм саласына тартылған инвестиция 113,2 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 47% көп.


Биылғы алғашқы жартыжылдықта саланың жалпы қосылған құны 559,3 млрд теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда екі есеге жуық өсті.


 

Қаладағы туристік инфрақұрылым кеңейіп келеді: бүгінде 12 552 нөмір, 377 орналастыру нысаны және 22 768 орын бар.


 

Жыл басынан бері 11 қонақ үй, глэмпинг, капсулалы қонақ үй, 18 хостел және 3 демалыс базасы, жалпы 34 жаңа нысан ашылды. Қазір тағы 93 нысанның құрылысы және жобалануы жүріп жатыр.


 

Инвестицияның артуы қызмет сапасын жақсартуға және заманауи сервистік стандарт енгізуге мүмкіндік береді. Бұл Алматының жыл бойы туристер үшін тартымдылығын арттырады.


 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.